Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті. Науқастың бірі колледж студенті деп жазады ҚазАқпарат.
«Екі адам кеше ауруханаға түсті. Науқастарға клиникалық тұрғыда қойылған диагноз - менингококк инфекциясы. Лабораториялық анализдері тексеріліп жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. 21 жастағы науқас инфекциялық ауруханада, 19 жастағы жігіт облыстық ауруханада жатыр», - деп мәлім етті Талдықорған қаласының өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев.
Дәрігердің мәліметінше, екі науқастың бір-біріне қатысы болмаған. Қазір 19 және 21 жастағы жігіттер жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.