Қарағандыда анасы ауруханада тастап кеткен 1 жасар бала қайтыс болды. Әйел бұндай қадамға баруына үйде қалған 5 баласын сылтауратқан. Ал сәби отбасылық қиындықтар біткенше балалар үйінде қалуы керек болған деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Анасы тастап кеткен сәби жайлы ақпаратты алғаш боп емделушілер таратты. Баласымен бірге ауруханада жатқан әйел бірнеше сағаттан соң сәбиін тастап, өзі кетіп қалған. Жүрек ауруымен түскен баланың өмірімен дәрігерлер қолдан келгенше күрескенін айтады.
Кейін ата-анасы балаларын алып кетуге шешім қабылдағанымен, олар келем дегенше нәресте көз жұмған.