Атырау қаласында Toyota маркалы көлік адамдар тұрған аялдамаға соғылды. Соққының қатты болғаны соншалық, көлік аялдаманы қиратып әкетті. Куәгерлердің айтуынша, аялдамада тұрғандарды жан-жаққа ұшырып алып кеткен деп жазады ATPress.kz.
Жол-көлік оқиғасы 19 маусымда, Азаттық пен Әліпов көшелерінің қиылысында «Санаторий» аялдамасында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апаты жайлы хабар кешкі сағат 20:26- да түскен, бригада оқиға орнына 20:30-да жеткен.
Оқиға салдарынан 6 адам жарақат алды. Нәтижесінде екі адамның миы зақымданып, жамбастың ашық сынуы және іштің жарақатын алған. Тағы төрт адам түрлі жарақат алған. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Дереккөз: Тengrinews.kz