11 жасында отшашу кесірінен бір көзінен айрылған Римма Асқароваға бұған дейін де бірнеше операция жасалған. Бірақ бұл жолғысында күдіктен гөрі үміт басым. Себебі, оның ендігі емі Израильде жалғаспақ.
Блогер Айдын Тоқсанбаевамен құлпынай сатып, достарымен түрлі кеш ұйымдастырып, ақыр соңында қайырымды жандар 16 миллион теңгені жинатты.
"Сіздерге бас иіп, алғыс айтудан басқа айтарым жоқ қой xалқым. Барлығы сіздердін арқаларынызда!", - деп жазды Тоқсанбаева желідегі парақшасына.
Олар соңғы ақшаны "Ханшайым мен ханзада" кешінен тапты. Онда келушілер қазақтың ұлттық киімін киіп, Риммаға қолдау көрсетті, ән айтты, би биледі.