$ 494.87  520.65  4.91

Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев – 1958 жылы дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған.

Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарған.

Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы, Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Протоколының бастығы.

2006 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2007 жылы қаңтарда айынан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі болып тағайындалды.

2010 жылы қазанда – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2011 жылы наурызда Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

2016 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары