$ 449.58  486.94  4.86

Еңбекақы еңбегіңе қарай төленетін болады

Мемлекеттік мекемеде қызмет ететін мамандар басшылығына қарағанда жоғары жалақы алуы мүмкін. Келер жылдан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Сөйтіп мемлекеттік қызметкерлерге жалақы факторлы-баллдық шкала бойынша төленетін болады.

Яғни оның жауапкершілігі, дербестігі, тәжірибесі, арнайы білімі мен байланыс деңгейлері, жұмысының қиындығы, қабылдаған шешімдерінің салдары секілді 8 фактор ескеріліп, еңбекақы тағайындалады. Бұған қоса, тапқан пайдасына бонустар қосылуы әбден ықтимал. Сондықтан қарапайым қызметкер басшысынан артық ақша табуы ғажап емес. Ал жұмыс тиімділігі төмен болған қызметкерлер лауазымынан айырылуы, тіпті қызметтен босатылуы мүмкін. Қазіргі таңда бұл әдіс АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Малайзия және Сингапурде кеңінен қолданылып келеді. Бүгін бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Мақсұт Өтешев, ҚР МҚСЖҚ агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті басшысының орынбасары: - Қазіргі кезде көмектесетін қызметкерлер бар және салалық қызметкерлер бар. Қазіргі жағдайда олар бірдей жалақы алады. Егер біз барлық қызметкерлерді бағалайтын болсақ, онда салалық қызметкерлердің жалақысы сәл көп болуы мүмкін. Бірақ онымен бірге олардың жұмыс көлемі, қиындығы әлдеқайда жоғары болады.

24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары