21.06.2018, 04:21

Қостанай университетінде күйеуі пышақтап өлтірген оқытушы әйел жайлы деректер шықты

20 маусымда түстен кейінгі уақытта Қостанайдағы әлеуметтік-техникалық университеттің ғимаратында белгісіз біреулер оқытушыны жұмыс орнында өлтіріп кеткен. «Наша Газета» басылымының мәліметінше, қаза болған 35 жастағы Ольга Исенова инжернерлік-технологиялық факультеттің кафедра меңгерушісі болған.

Осыған дейін сол күні әйелдің жұмысына күйеуі келіп кеткені хабарланған еді. Белгісіз себептерге байланысты ол әйелін пышақтап, 8-қабаттың терезесінен секіріп кетіп, мерт болған.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл мәліметті растады, бірақ оқиғаның мән-жайын айтпады. Қаза болған әйел адам онда 3 жыл уақыт жұмыс істеген екен.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде Ольга Исенованың отбасы мен балаларының суреттері жарияланған. 

«Костанайские новости» басылымының мәліметінше, Ольга Исенова Челябіде аспирантурада оқыған.

Дереккөз: Тengrinews.kz