21.06.2018, 10:39

Түркістанда тұрғын үй өртенді

Түркістан орталығында жеке тұрғын үй өртенді деп жазады Tvk-uko.kz.

Тұрғын үйдің жаздық асханасы мен шатыры өртенген.

Өртті өшіруге 3 техника мен 14 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

1980 жылғы ер азамат күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Департамент мәліметінше, өрт темекі тұқылын сөндірмей тастағаннан шыққан.