21.06.2018, 11:06

Алматы облысында менингит күдігімен тағы бір адам көз жұмды

Ер адам 19 маусым күні ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін Алматы облысында менингококк инфекциясы күдігімен бір адам көз жұмды. Қазіргі кезде осы жайт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген аталған хабарламада.

Еске салсақ, осы уақыт ішінде менингитпен ауырған 62 адам тіркелді. Оның 4-уі әлі де стационарлық ем қабылдауда. Жылдың басынан бері менингиттен 13 адам көз жұмды. Оның 3-уі Алматы облысы, алтауы Алматы қаласының тұрғындары.

Дереккөз: inalmaty.kz