22.06.2018, 03:08

Қызылордададан "Хан-шатырға" ұқсас ғимарат орны табылды (ФОТО)

Сыр өңіріндегі көне шаһардың бірі - Қышқаладан археологтар елордадағы «Хан-Шатырға» ұқсас ғимарат орнын тапты. Ғимарат керамикалық тастармен әрленген. 8 бұрышты. Онда 4 гүлзар тұғыры бар деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда көне шаһарды «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының мамандары зерттеу үстінде. Тарих деректеріне сүйенсек, аталмыш шаһар жайында 1242 жылы итальян саяхатшысы Джованни Плано жазып қалдырған екен. Ол өз жазбасында ескі қала жайында біраз деректерді айтып кеткен.