Осыдан 2 жыл бұрын Баян Алагөзованың күйеуінен таяқ жеп жарақат алғанын Мадина Балғабай КТК жаңалықтарынан өзі хабарлаған еді. Кейін ол құрбысы жайлы ақпаратты оқып жатқанда эмоциясын зорға ұстағанын айтқан. Сөйтсек, екі жұлдыз бір курста оқып, студенттік жылдарды бірге өткізіпті. Бұл туралы Алагөзова өзінің желідегі парақшасында жазды.
"Темірбек Жүргенов атындағы театр институтында оқып жүрген сәт. Керемет курс едік. 2 қыз, қалғаны жігіттер еді. Сол үшін жігіттер бізді төбелеріне көтеретін. Мені "Барби" десе, Мадинаны "Золушка" деп атайтын", - деп студенттік шағын еске алды продюсер өзінің Instagram-парақшасында.