22.06.2018, 06:45

Иран қазақтары жайлы фильм түсіріп жатқан Қанат Бейсекеев ұсталды

Иранда деректі кино түсіретін қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев ұсталды. Бұл туралы PR-маман Әлішер Елікбаев хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.

«Ол бұл елде фильм түсіріп жатыр. Енді Ирандағы қазақтар туралы фильм шыға ма, жоқ па - белгісіз. Көп болды сол жақта жүргеніне. Енді ғана біліп отырмын. Ешқандай да мән-жайын білмеймін. Оны ұстап, барлық құрал-жабдығын тәркілепті. Бұған дейін ол Моңғолиядағы қазақтар туралы фильм түсірген, кейін Өзбекстанға барып, сондағы қазақтар жайлы фильм түсірген, енді Иранға барған», - деді Әлішер Елікбаев.

Оның айтуынша, Бейсекеевтен бірнеше мың доллар тұратын құрал-жабдығы тәркіленген.