$ 443.37  474.49  4.83

Атырау облысында өзеннен жасөспірімнің өлі денесі табылды

15 жастағы жасөспірімнің өлі денесі Атырау облысы Махамбет ауданындағы өзеннен табылды деп жазады Мой ГОРОД.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, баланы жергілікті тұрғындар тауып алған.

"Бүгін, яғни 22 маусым күні Махамбет ауданының тұрғындары Орал өзенінен 15 жастағы жасөспірімнің өлі денесін қайықпен шығарып алған. Куәгерлердің айтуынша ол 19 мамыр күні суға батып кеткен", - деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанда 15 бала суға батып қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау #өлім #су