Үнді жігітіне тұрмысқа шыққалы жатқан Дильназ Бақытбек өзін сынайтындарға жауап берді. Ол отбасылық өмірін Қазақстанда бастайтынын айтып, елді дүрлікпеуге шақырды.
"Біздің Үндістанға барып тұрайық деген ойымыз жоқ. Байрон оқуын бітірісімен Қазақстан азаматтығын алады. Семей қаласына жұмысқа тұрады. Мемлекет тарапынан қаржылай көмек болады дейді. Баспа береді", - деп жазды бойжеткен Facebook әлеуметтік желісіндегі "Өзекті ақпараттық портал" тобында.
Дильназ Ахметованың өзі де Семейдегі жоғары оқу орнындарының бірінде оқитынға ұқсайды. Көпшілік бойжеткеннің Үнді жігітіне тұрмысқа шығуына қарсылық білдірген. Себебі олар қазақ қызына лайық тек өз қандастарымыз деген пікірде.