23.06.2018, 05:09

Ағзасын көргіміз келді: Жасөспірімдер ер адамды өлтіріп, денесін ақтарып тастаған

Украинада 15 және 22 жастағы жасөспірімдер жергілікті тұрғынмен төбелесіп, өлтіріп тастаған деп жазады Life.ru. 

Полиция күдіктілердің біреуінің үйінен жоғалып кеткен ер адамды ішек-қарны ақтарылған күйінде тауып алған.

"Біз оның ағзасын ашып көрігіміз келді. Интернеттен оны қалай істеу керек екенін қарадық. Мен психикалық әрі моральдік тұрғыда бәріне дайын болдым", - дейді күдіктілердің бірі.

Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстары дәлелденген соң екеуі де өмір бойы бас бостандығынан айырылады.