$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде 16 жастағы қыз көлікпен 3 жасар баланы қағып кетті (ВИДЕО)

Өскемендегі көлік тұрақтарының бірінде 16 жастағы жасөспірім қыз автомобиль руліне отырып, ойнап жүрген 3 жасар баланы қағып кетті. Қыздың өкіріп жылап, анасының қойнына тығылған сәтін куәгерлер камераға түсіріп алып, видеоны әлеуметтік желілерге таратып жіберген.

Куәгерлердің айтуынша, қызға көліктің тізгінін анасының өзі беріпті. Оқиға 22 маусым күні кешкі сағат 17:00 шамасында Өскеменнің сол жағалауында болған деп жазады Устинка ILVE.

"Сағат 16:30-да 2002 жылы туған жасөспірім қыз "Киа Рио" автокөлігін тізгіндеп, Сәтпаев даңғылындағы автотұрақта артқа жүрмек болып, 2015 жылы туған баланы қағып кеткен. Бала бұл кезде тротуарда кетіп бара жатқан еді. Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған сәби ауруханаға жеткізілді, қазір ем қабылдап жатыр", - дейді Өскемен қалалық ІІБ-нің баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары