Еліміздің бас прокуратурасы өзінің міндеттерін кезең-кезеңмен сот органдарына жүктейтін болады деп мәлімдеді мекеме басшысы Асхат Дауылбаев алқа отырысында.
Оның айтуынша, бұл шаралар айыптау мен қорғау арасындағы тепе-теңдікті орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ “100 нақты қадам” ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау барысында прокуратура мемлекеттік басқару, әділ сот жүйелерін реформалау бойынша ұсыныстарын әзірледі.
Отырыс барысында бас прокурор органдарды бұқаралық ақпарат құралдарына ашық болып, өз жұмыстарын көрсетуден жасқанбауға шақырды.
«БАҚ-қа жариялылық және ашықтық заң бұзушылық пен коррупцияның алдын алуға көмектеседі. Бүкіл БАҚ өкілдерін заң бұзушылық фактілерін ашуға көмектесуге шақырамын», – деді ол.