$ 494.87  520.65  4.91

Қарғандыда 4 балалы ана бұрынғы күйеуінің сүйіктісін пышақтап тастады

Қарағанды қаласында 4 балалы ана 1 жыл бұрын ажырасып кеткен күйеуінің сүйіктісін пышқатап тастады деп жазады NewTimes.kz.

Әйел ажырасып кеткен күйеуінің үйіне барады. Бірақ бұрынғы жарын басқамен көрген ол ашуға беріліп, әлгі әйелдің бірнеше жерін пышақтап тастайды.

Осы оқиғаға байланысты Қарғалы аудандық сотында "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Судья сотталушының өз кінәсін мойындағаны үшін әрі 4 баласы барын есепке ала отырып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары