2017 жылы аталмыш облыста жергілікті бюджет есебінен ЭКГ таратудың телеметриялық жүйесі енгізілді. Бұл жөнінде СҚО әкімдігі хабарлайды.
Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін бұл жүйені ұтымды түрде жүзеге асыру мақсатында семинар-тренингтер өткізілді. Ол медициналық телекарталармен жұмыс істейтін 13 аудан мен облыс орталығындағы медициналық жедел жәрдем орталығын қамтыды.
Жүйенің басты тиімділігі, асқынған коронарлық синдром күдігі бар науқастарға диагноз қоюда уақытты үнемдеп, сапасын күшейтіп, кардиологиялық бағыттағы науқастарға медициналық қызмет көрсетудің оңтайлы деңгейін арттыруда.
«2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 24 медициналық мекеме мен ОМЖЖО-дан Петропавл қаласындағы Кардиологиялық орталықтағы үздіксіз терапия блогының серверіне ЭКГ-ны телеметриялық түрде тарату мүмкіндігі пайда болды. Телекарталар бірінші кезекте 13 аудандық орталық ауруханалар мен 11 дәрігерлік амбулаторияларда таратылды», – деп мәлімдеді СҚО әкімдігі.
Ескере кететін жайт, ЭКГ тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіледі, ал мәліметтерді оқу мен шешу ҮТБ-ның меңгерушілері мен кезекші кардиолог, ревматолог дәрігерлер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бір мезгілде асқынған коронарлық синдромдары бар және жүрек соғысының қалыптылығы бұзылған науқастармен айналысатын жедел медициналық жәрдем палаталарының қызметкерлеріне кеңес беру көмегі де қамтылған. Солтүстік Қазақстан облысында сәтті түрде оң шешімін тапқан ЭКГ–ның телеметриялық жүйесі – қазіргі кезеңдегі жаппай цифрландыруға көшудің жарқын көрінісі болып отыр. «Келесі қадам – жасанды интеллект алгоритмдер базасы негізінде автоматты түрде электрокардиограмманы оқуды енгізу жоспарымен байланысты», - деп түйіндеді әкімдік.
Объективті түрде жаһандану процесіне тартылып, төртінші индустриалды революцияға бет бұрғалы жатқан мына заманда мұндай технологиялық инновациялық жобалардың күннен-күнге көбейе түсуі заңды құбылыс. Жоғарыдағы ЭКГ-ның телеметриялық жүйесінің енгізілуі осының нақты айқын көрінісі.
Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО 2007 жылы төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қазақстандықтарға бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құрылды. Барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, түрлі органдардың құжаттарын дайындау жөніндегі қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушы мен азаматтардың арасында тікелей байланысты болдырмау ХҚКО ның басты оң қасиеттеріне айналды. Елбасы тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан «бір терезе» жобасының тиімділігі толық дәлелденіп отыр. ХҚКО әрі қарай да халыққа жемісті еңбек ете бермек.