25.06.2018, 09:57

Қазақстандық жас дзюдошылар Азия кубогында жеңіске жетті

23-24 маусым күндері Ыстықкөлде (Қырғызстан) жастар арасында дзюдодан өткен Азия кубогында Қазақстан жастар құрамасы үшінші орынды иеленді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Азия құрлығының 9 елінен 159 жас татами шебері бақ сынаған тартысты бәсекеге ел құрамасынан 25 дзюдошы қатысты.

Екі күнге созылған жылдың маңызды додасында Қазақстан жастар құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Алтын медаль Мөлдір Нарынова (70 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

Сұңғат Жұбатқан (66 кг)