16.07.2015, 18:00

Алдағы күндер жауынды болады

thenews.kz

Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан ауысатын атмосфералық фронттар республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарының кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғуына және күндіз температураның 23-31º, орталықта +27-35º дейін төмендеуіне әкеп соғады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. Осындай температура осы кезеңге орташа климаттық мән шамасында және одан 1-3º төмен болады.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында жексенбі және дүйсенбі күндері өткінші жаңбыр жауатындығына қарамастан, бұрынғыдай өте ыстық, максималды температура +35-45º, шығыста +33-38º, кей жерлерде +42º болады. Ол нормадан 5-8º жоғары.