19.07.2015, 18:00

Астанада автобус жүргізушісі кесірінен болған апатта 25-30 адам зардап шекті

Сурет, tengrinews.kz

Астана қаласындағы №10  қоғамдық көлігінде болған апаттың тексеріс нәтижесі белгілі болды.

«Автобус жүргізушісі Игорь Кобзов,1964 жылы туылған,Астана қаласының тұрғыны. Маршрут Медиаорталықтың қарсы бетінде орналасқан автобус аялдамасына шығып кеткен,сол мезетте 100-150 метрдей жүріп тротуарға шыққан да көше декорациясына соғылған. Авткөлік жүргізушісінің айтуынша, көзі қарауытып ештеңе байқамай қалған, сол күні жұмыс уақыты 5:30-да басталған. Ал қоғамдық көлік механиктердің тексерісі бойынша,ешқандай техникалық кінарат болмағаны анықталды», − деп хабарлайды «ҚазАқпарат»-қа Астана ІІД әкімшілік полиция бойынша орынбасары Елжан Чупеков.

Елжан Чупековтың айтуынша 20-30 шақты адам зардап шеккен,олардың 4-5 аяқ қолдары сынған,қалған жолаушылар түрлі жарақаттармен дәрігерлік бақылауға қаралуда.