$ 444.22  476.38  4.82

"Дәрігерлер кінәлі": Босана салысымен қайтыс болған әйелдің күйеуі ең құрығанда қызым аман қалса екен деп отыр

Бұған дейін Астанадағы перзентханада жаңа босанған екі әйелдің қайтыс болғанын жазған болатынбыз. Солардың бірінің жары Самат Әміртай күйеуі сол күнгі жағдайды айтып берді. Енді қызымның денсаулығына алаңдаймын деген ол әйелінің өліміне себепкер болғандардың да жазалануын сұрап отыр деп жазады NewTimes.kz.

31 жастағы Самат Әміртай әйелі босанарда жанында болған екен.

"Жүктілік кезінде барлық анализдері жақсы болатын. Келіншегім өзі де денсаулығына алаңдап, күтініп жүретін адам. Меніңше, бұған дер кезінде дұрыс жұмыс істей алмаған дәрігерлер кінәлі", - дейді ол.

Жалғысбасты әке марқұмның өліміне сараптама жасайтын арнайы тәуелсіз сарапшы іздеп отыр. Жұбайының өліміне кінәлілер жазаланса екен дейді.

"Қызым 4 жарым келі боп дүниеге келді. Аяқ-қолын бауырына алған соң 10 минут өткенде сөйлестім. Өзін жақсы сезінді. Бір кезде дәрігерлер келіп мені шығарып жіберді. Не істегенін кім білсін. Жансақтау бөліміне кіргізгенін де айтпады маған. Кейін операцияға апарған. Таңғы 5-ке дейін әурелеген. Келіншегім сол жерде қайтыс боп кетті", - дейді Самат Әміртай.

Айта кетейік, 20 маусым күні Астанадағы №1 перинаталды орталықта жаңа босанған 2 әйел қайтыс болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары