#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

СҚО-да мас күйде көшеде жатқан әкім жұмыстан қуылды

Солтүстік Қазақстан облысында әдеп кеңесі қоғамдық орында мас күйде жүрген Тимирязев ауданының Целинный ауылдық округінің әкімі Ақан Қойшыбаевқа қатысты тәртіптік істі қарады деп жазады ҚазАқпарат.

Қызметтік тексеріс материалдарына қарағанда, демалыста жүрген ауыл әкімін ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Петропавл» стансасында ұстап, әкімшілік хаттама толтырған. Шенеунікке 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Қойшыбаевтың айтуынша, ол бір бөтелке сыра ішіп, содан мазасызданған. Бірақ медициналық сараптама нәтижесінде оған «орташа ауыр алкогольдік мастық» диагнозы қойылды», - дейді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Нұргүл Қахабаева.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы заңды күшіне енген. Әдеп кеңесінің мүшелері Қойшыбаевтың әкімшілік жауапқа тартылғанына тексеріс жүргізді.

Кеңес төрағасы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев шенеуніктің бұл әрекетін Мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзу деп бағалады.

«Оның неліктен полицияның назарына іліккенін айтайын. Медициналық сараптамаға қарағанда, ол көшеде өздігінен қимылдауға шамасы келмей жатқан. Көшеде жатқан кез келген шенеунік мемлекеттік қызмет атқармауы тиіс», - дейді Ғ. Тұрсынбаев.

Әдеп кеңесінің мүшелері Тимирязев ауданының әкіміне Қойшыбаевты лауазымынан босатуды ұсынды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары