Тамақты күйдірмейтін ыдыстың құрамындағы заттар адамның ағзасына түскен кезде рак тудыруы мүмкін деп жазылған Қоршаған ортаны қорғау туралы Вашингтон агенттігінің баяндамасында.
Зерттеу мәліметіне сүйенсек, тамақты күйдірмейтін жабыны бүлінген таба мен кәстрөлді пайдаланған кезде адамның ағзасына перфтороктандық қышқыл түсуі мүмсін. Бұл қышқыш сондай-ақ суға және отқа төзімді материалдардың құрамында бар.
Ғалымдар перфтороктандық қышқыл уытты болатыны атап өтеді. Оның ағзаға түсуі қатерлі ісік тудыруы, холестерин деңгейінің көтеріліп, иммундық жүйе функциясының төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Дереккөз: Sputniknews.kz