$ 494.87  520.65  4.91

Өрт салдарынан 42 жастағы ер адамның денесінің 60 пайызын күйік шалды

Павлодар ауданының Новочерноярка ауылында Центральная көшесі, 5 мекенжайындағы көлікжайда өрт шығып, 42 жастағы ер адам зардап шекті, деп жазады pavlodarnews.kz.

«26 маусым күні сағат 13:18-де апат жөнінде хабар келіп түсті. Көлікжайда лак-бояу өнімдерінің бос ыдыстарын шарқайрақпен кесу кезінде газ-ауа қосындысының гүрсілі болды. Нәтижесінде жеке орналасқан металлды көлікжайда үй заттары, жиһаз бықсып өренген. Тілсіз жау жалпы алаңы 15 шаршы метр аумақты жалмаған. Сол жерде жұмыс істеп жүрген ер адамның денесінің 50-60 пайызын күйік шалды. Есінен таңырқау диагнозымен ол Павлодар қаласы № 1 қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі таңда өрттен келген шығын анықталуда», – деді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінде.

Оқиға орнына № 35 өрт сөндіру бөлімінің және өрт-техникалық зертханасының жеке құрамы шықты. Өрт сөндірушілердің күшімен 27 литрлік газ баллоны жедел түрде шығарылып, өрт сөндіруге АЦ РСК-50 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ Черноярка ауылының өрт сөндіру бекетінен төрт адам қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары