Қазақ-қырғыз шекарасында Тәжікстан азаматы 10 кг героинмен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2015 жылдың 19 шілдесінде 21 сағат 50 минутта «Қордай» тексеріп-өткізу (автокөлік) пункітінде шекара наряды, арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен Қырғызстаннан Қазақстан аумағына, одан әрі Ресей федерациясына өз автокөлігімен өтпек болған Тәжікстан республикасының азаматын ұстады. Автокөлікті мұқият тексерудің нәтижесінде артқы дөңгелектерінің оң және сол жақ қанаттарының астына жасырылған 10 килограммнан астам «Героин» есірткісі табылды. Тиісті орындар тексеру жүргізуде», - деп жазылған хабарламада.