Көліктегі ішкі істер департаментінің кинологиялық бөлімшесінің қызметкерлері қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен өткен алты айда 86 ескірткі құқықбұзушылық фактісін анықтап, 1 тонна 756 келіден астам әр түрлі есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Skifnews порталы Bnews.kz - ке сілтеме жасап
ІІД- нің баспасөз қызметінің мәліметінше,есірткі бизнесімен күрес, экстремизіммен күрес, жарылғыш жаттармен күрес шаралары қызметтік иттердің көмегімен жиі тексеріліп тұрады. Мұндай қауіпті заттар көбінесе Вокзал мекемесінен,жүк бөлмелерінен,пойыз вагондарынан жиі анықталады.
Әсіресе елімізге оңтүстік өңірлерден келетін пойыздарға тексеріс қатаң.
Өйткені қылмыстық істерге қарар болсақ: «Мұқыр-Мақат» айналымында «Астана-Маңғышлақ» бағытындағы жолаушылар пойызында КІІД-нің Есірткіге қарсы күрес басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлері «Жан» лақап атты қызметтік- іздестіру итінің көмегімен жолсеріктің купесінде салмағы 300 г. болатын, өзіне тән иісі бар, өсімдік тектес зат оралған екі ораманы тауып, тәркіледі.
Сонымен бірге Көліктегі ІІД-нің Есірткіге қарсы күрес басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлері қызметтік іздестіру итінің көмегімен Шу станциясының теміржол вокзалында Шу қаласының тұрғынын ұстап, оның спорттық сөмкесінен салмағы 15 кг 700 гр болатын «кептірілген марихуана» тауып, тәркіледі.