27.06.2018, 17:31

Өзбекстанда әйел екі баласын жіпке байлап, суға батырып өлтірді

Өзбекстанның Әндіжан облысы Жалакудук ауданының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсауға талпынған. Әйел екі баласын өзіне арқанмен байлап қойып, Шахрихансай арнасына секірген деп жазады centralasian.org.

Оқиға 25 маусымда сағат 10:30-дар шамасында болған. Куәгерлер әйелді құтқарып қалды, бірақ жеті жастағы қыз бен үш жастағы бала қаза болды.

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.