$ 494.87  520.65  4.91

"Тойда бәйек боп жүрді": Дана Нұржігіт Сүлейменовтің қайтыс болған жиенін еске алды

Жақында ғана жол апатынан қайтыс болған Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендір Сүлейменовті белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт еске алды. Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойын жүргізген ол ақынның немересін сол күні көріпті. Марқұм атасының тойында құрақ ұшып қызмет еткен көрінеді.

“Осыдан екі жыл бұрын ақын Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойын жүргізу мәртебесі маған бұйырған еді. Ақынның туған-туысы, әлемнің түкпір-түкпірінен келген достары думанды кеште бас қосты. Саxна сыртындағы бізге,көмекшілікке жіңішкелеу келген бір жігіт жүгіріп келіп,сөз сөйлейтін қонақтар жайлы ақпаратты толықтырып, түрлі нұсқаулар беріп жүрді. Сондай сыпайы, шашын артқа тастаған, кең маңдайлы, аққұба бала. 22 маусым күні Астана көшелерінің бірінде болған жол апатында қаза болған мотоциклист, Олжас ақынның жиені дегенді естідім. Кейін опат болған баланың суреті шыққанда, ойыма сарт ете қалды! Құдай-ау! Мына жігітті мен білем ғой! Олжас ағаның тойында қасымда бәйек боп, жүгіріп жүрген жігіт-Ескендір екен ғой! Жаным-ау! Той үстіндегі қарбаласта тіпті жөн сұрасуға уақыт болмады. Сол жердегі көмекшілердің бірі шығар дегенмін ғой. Айналайын-ай! Өзін өсірген атасының тойында құрақ ұшып, жаны қалмай, көмектесіп жүрген Ескендір екенін сосын түсіндім.Олжас Омарxанұлының тұңғыш, жалғыз немересі! Қыркүйекте тойы болады деп қуанышқа дайындалып жүрген әулет бір күнде қан жұтып, ботадай боздап қалды-ау!


Мен топырағы суымаған жас жігіттің жақындарына: Олжас атасы мен Маргарита апасына, ата-анасына, туыстарына, сондай-ақ, ақ желек, ақ көйлек киіп, келін атанамын деген әппақ үмітінен бір сәтте айрылған Ескендірдің сүйіктісіне қайғырып, көңіл айтамын. Алла сабыр берсін сіздерге! Ескендірдің иманы жолдас болғай!”, – деп жазды тележүргізуші өзінің желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен көлікті Қызылорда облыстық ІІД басшысының қызы айдаған. Мотоцикл тізгіндеген ақынның ұлын қағып кеткен 29 жастағы әйел оқиға орнынан қашып кеткен. Ал Ескендір Сүлейменов сол жерде жан тапсырған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 345 бабы 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер айыпталушының кінəсі дəлелденсе, ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары