Ақтөбелік келіншек күйеуін қызғанамын деп өзін өлтіріп қоя жаздады деп жазады Aktobetimes.kz.
Үйде отырған келіншек ас бөлмесіне барып, пышақты қарнына сұғып алған. Абырой болғанда жедел жәрдеммен ауруханаға уақытында жеткізіліп, дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды.
Ақтөбе тұрғыны есін жиғасын бұл қадамға қызғаныштан барғанын түсіндірген.