Қостанайлық тәртіп сақшылары көпірден секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды,деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Облыстық ІІД жол-патрулдік полиция батальонының қызметкерлері Нұрлан Қазығұртов пен Ілияс Қазбаев облыс орталығындағы Үлкен көпір үстімен өтіп бара жатып, көпір таянышында тұрған қызды көреді.
«Полицейлер қызға білдіртпей, бірден оның қолынан ұстап алды. Қыз көпірден секіріп кете алмады. Ол қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Жәбірленушінің жасы - 34-те. Оның өз-өзіне қол салуға оқталуына не себеп болғанын тергеу шаралары анықтайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат