$ 439.43  473.31  4.82

Маңғыстау облысында 5 жасар бала суға кетті

Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Кендірлі демалыс аймағының бірінде 5 жасар бала бассейндегі суға батып кеткен.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменттің баспасөз қызметі хаабарлайды.

Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Бастапқы болжам бойынша бала сол уақытта ата-анасының қарауынсыз қалған. Құтқарушылар суға түсу кезінде абай болып, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтап, тыйым салынған аумақта суға шомылмауға кеңес береді. Әсіресе кішкентай баланы су қоймасы жанында қараусыз қалдырмауды ескертеді. Себебі 12 жасқа дейінгі бүлдірішіндерге теңізге немесе бассейнге өз бетінше түсуге болмайды.

Дереккөз: 24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары