30.06.2018, 08:03

Алматыда ретрокөліктегі әйел жол апатынан зардап шекті

Ретрокөлік Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жол апатына ұшырады деп жазады оқиға орнынан ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы Әл-Фараби даңғылының шығыс бағытында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Бағанашыл көшесінен Әл-Фарабиге бағыт алған «Волганы» Toyota Camry көлігі келіп соққан. Оқиға орнына келмес бұрын жол апатына кінәлі екінші көлікті эвакуатор алып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Волгада» отырған жолаушы әйел зардап шекті.