Жол-көлік оқиғасы Маңғыстау ауданы, Сай-Өтес ауылында болды. Мемлекеттік нөмірсіз жүрген «Орал» маркалы мотоциклдің жүргізушісі көше бойымен келе жатқан әйел мен баланы қағып кетті деп жазады Tumba.kz.
Апаттың салдарынан 39 жастағы әйел аурухананың жансақтау бөлімінде ми зақымы, бас сүйегінің сынуы мен ауыр ми ісінуі және басқа дене жарақатымен жеткізілді. Ал 2017 жылғы бала жабық ми зақымы және ми жарақатымен аурухананың неврология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, 46 жастағы мотоциклші соқтығыс кезінде мас болған.