$ 443.44  480.51  4.88

Маңғыстау облысында болған жол апатынан ерлі-зайыптылар зардап шекті (ВИДЕО)

Жол-көлік апаты Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында болған. Зардап шеккендердің жағдайы туралы облыстық аурухана дәрігерлері айтты.

Оқиға орнынан 26 жастағы әйел аурухана бірден жеткізіліп, нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Көлік соқтығысы салдарынан миына зақым келген. Ал қасындағы 29 жастағы күйеуі алғашқы медициналық көмек көрсетуден кейін үйіне қайтарылды.

Жол-көлік апаты кешкі сағат бестер шамасында болған. Қазіргі уақытта көлік апатының басқа да себеп-салдары анықталуда.

Дереккөз: Lada.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары