01.07.2018, 04:43

Қазақстандықтар алғаш рет Ұлттық домбыра күнін атап өтуде

Бүгін Қазақстан жұртшылығы шілденің алғашқы жексенбісі - 1 шілде күні Ұлттық домбыра күнін алғашқы рет атап деп жазады Қазақпарат.

Айта кетсек, шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жақында ғана белгіленген болатын. Ел Президенті ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында осындай қаулы шығарған еді.

Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантып отыр. Домбыра күнінің мерекеге айналуы - көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға деп білеміз. Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін елордадағы Астанадағы Қазақ елі монументі алдында бүгін 3 мың күйші бірнеше күйді бір уақытта орындайтын болды. Ол шараға Айгүл Нариманқызы (Үлкенбаева), Тұрар Әліпбаев (Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры), Арман Жүдебаев, Бекболат Тілеухан, Секен Тұрысбек секілді белгілі күйшілер мен танымал адамдар қатысады.

Домбыра күнінің белгіленгеніне көп уақыт өткеніне қарамастан, ұлттық аспабымызды ұлықтау бағытында өңірлерде бірқатар игі шаралар да атқарылып үлгерді. Нақтырақ айтқанда, Павлодар облысының Екібастұз қаласында биіктігі жеті метр домбыраның мүсіні орнатылса,  Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында да дәл осындай ескерткіш бой көтерген еді.