$ 498.34  519.72  4.85

Өзбекстан азаматы өгей ұлын өлтіріп, артынша көміп тастаған

Өзбекстанда 4 жасар баласын өлтірді деген күдікпен ер азамат ұсталды. Ол 11 жыл бұрын кішкентай бүлдіршінде көміп татсаған деп жазады "Новости Узбекистана" порталы.

2007 жылы Сурхандария облысының ауылдарының бірінде 4 жасар өгей ұлдың басынан ұрып, байқаусызда өлтіріп қойған. Қылмысты жасырып, мәйіттен құтылу үшін ол баланың денесін дәретхана үшін қазылған шұңқырға тастап, көміп тастайды. 

Құқық қорғау органдары жүргізген іздеу шаралары барысында үйдің ауласын қазып, 11 жыл бұрын көмілген сүйектерді тапты. Сондай-ақ, баланың киімдері де сақталып қалыпты. Артынша күдікті қамауға алынып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары