29 маусымда Болгарияның халық саны 7 миллион адамнан аз болып қалды. Мұндай мәліметті БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөнінде департаменті таратты деп жазады bgnews.
Болгарияда халық саны күрт азайып келеді. Мұндағы жағдай тіпті екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуалдан жаман. 1946 жылы бұл елде 7 029 349 адам болған.
«Бұл ауыр жаңалық… Болгария демографиялық шығынға ұшырап отыр, ол өліп барады… Біз әлемдегі ең жылдам құрып бара жатқан ұлтпыз», - деді академик Петр Иванов.
Порталдың мәліметінше, 29 маусымдағы жағдай бойынша, Болгарияда 120 адам өмірге келіп, 193 адам қайтыс болған.
Дереккөз: Меzgil.kz