Қарғанды облысында соңғы 4 күнде 3 бала терезеден құлаған. Олардың бірі қайтыс болды деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі.
1 шілде күні 4 жасар бала Қарағандыдағы 5-қабат терезесінен құлап қайтыс болды. 30 маусым күні 1 жасар бала да 5-қабаттан, 28 маусым күні Теміртауда 3 жасар бала 6-қабаттан құлап, екеуі де ауруханаға жеткізілді.
Құтқарушылар көпшілікті баланы қараусыз қалдырмауға шақырды. Олар бір сәттік салғырттықтықтың өмір бойғы өкініш пен орны толмас қайғыға алып келетінін айтады.
Дереккөз: Newtimes.kz