$ 444.14  477.05  4.85

Көкшетауда 3 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды

Көкшетауда 3 жасар ер бала тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап көз жұмды деп жазады ҚазАқпарат.

ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қайғылы оқиға 1 шілде күні М.Ғабдуллин көшесі 61 мекен-жайында  болған.

«Анасы көз жазып қалған  2015 жылы туған ер бала көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Бүлдіршін Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенімен басынан және жамбас тұсынан алған дене жарақатынан көз жұмды», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, полицейлер баланың анасымен Астанадан Көкшетаудағы туыстарына қонаққа келгенін айтуда. Қазіргі кезде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары