Көкшетауда 3 жасар ер бала тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап көз жұмды деп жазады ҚазАқпарат.
ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қайғылы оқиға 1 шілде күні М.Ғабдуллин көшесі 61 мекен-жайында болған.
«Анасы көз жазып қалған 2015 жылы туған ер бала көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Бүлдіршін Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенімен басынан және жамбас тұсынан алған дене жарақатынан көз жұмды», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, полицейлер баланың анасымен Астанадан Көкшетаудағы туыстарына қонаққа келгенін айтуда. Қазіргі кезде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.