$ 494.87  520.65  4.91

"Іш киімді шешіп жіберді": Шымкентте зорланды деген баланың әжесі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді

Шымкенттегі елді дүр сілкіндерген бала зорлау оқиғасы бойынша жаңа деректер шықты. Педофилден баланы аман алып қалған азаматша өңірдегі NUR.KZ тілшісіне сұмдық жағдайды жайып салды.

Шымкент халқын шошытқан сұмдық жағдай көпқабатты үйдің подъезінде болған. Күдікті кісі алдымен есікті жауып, баланы бұрышқа тақап ұрып-соғып, зорлық сипаттағы әрекеттерді жасапты.

Оқиға орнында болған жағдай подъезге орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қала тұрғындары аталған видеоны желі арқылы таратып, педофилдің әрекетін қызу талқыға салуда.

Ғажайыптың күші болса керек, баланың айқайлаған даусын естіген егде жастағы азаматша подъезге кіріп, ер азаматты қуып шыққан.

"Баланың жан дауысы шықты. Біреу өлтіріп жатқан сияқты. Жылағанын естідім. Ондай айқай бекерден шықпайды деп көп қабатты үйдегі есікке қарай жақындадым.
Есікті бар қолыммен ұра бастадым. Есікті аш деп айқайладым. Сол сәтте кішкентай бала ана еркекпен алысып жүріп домофонның тетігін басып үлгеріпті.

Бала сол кезде ана кісімен арпалысып өмірімен күресе білді. Подъезге кірсем бала жылап отыр, денесінің барлығы қан. "Басымнан, жағымнан ұрды" деп бала жылап жіберді", - дейді оқиға куәгері.

Жеткіншекті көрген туыстары дереу 102-ге хабар беріп, полицейлерді шақыртқан. Сұмдық жағдайды тәртіп сақшылары естігенімен, "мамандар оқиға орнына дер кезінде келмеді" деп ашынады жәбірленушінің отбасы.

Тіпті жеткіншектің зорлануы мүмкін деген хабарды естіген полицейлер қылмыскерді құрықтаудың орнына, жайбасарлық танытқан көрінеді.

"Учаскелік полиция әйтеуір кешігіп келді. "Қай жерде болды? не болды?" деп сұраудың орнына әрекет етпеді. Камераны көру керек десек те, "бізге оған "доступ" жоқ" деп сылтауы көбейіп кетті. Сүйтіп аңырап отырғанда, біреу баламнан сұрап қалғанда, "іш киімді шешіп жіберді" деп жылап қоя берді. Содан кейін жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер сондай жағдай болды дегенді айтқанда ғана полицейлер жүгіріп кетті", - дейді баланың әжесі.
Ал педофилден қорлық көрген 11 жастағы балаға дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен. Қазір ол ата-анасының қасында.

Жәбірленушінің отбасы мәлімдегендей, дәрігерлер жеткіншектің зорлануы мүмкін деген қорытынды берген.

Бірақ істің ақ қарасын алдағы медициналық сараптама жұмыстары анықтап береді. Қазір сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары