03.07.2018, 06:53

Павлодар облысында пойыз автобуспен соқтығысты

Екібастұз қаласының маңындағы «Үшқұлын-Тоқубай» бағытының Павлодар-Екібастұз бөлігінде жүк пойызы жолаушылар автобусымен соқтығысты деп жазады pavlodarnews.kz.

«Жүк тасымалдау – ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметінде мәлім еткендей, оқиға 2 шілде күні сағат 20.20-да орын алған.

«Пойыз машинисты сағатына 22 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Ол автобусты көріп, жедел тежегішті басқан, бірақ тоқтауға үлгермеген. Апаттың алдын алуға мүмкіндік болмай, автобус жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан үш адам жарақат алды.  Оқиға орнында кәсіпорынның Павлодардағы бөлімшесі мен ішкі істер желілік бөлімінің өкілдері жұмыс істеді. Ведомствода жол көлік оқиғасы қызметтік актісіне сәйкес автобус жүргізушісі темір жолды өткен кезде ережелерді сақтамағаннан болғанын айтуда. Автобус жүргізушісі телефонмен сөйлесіп отырып, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткенін мойындады», - деді баспасөз қызметінде.