Қарағандыда теміржолға шыққан әйелді пойыз басып кетті. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр деп жазады ҚазАқпарат.
«Машинист жолда адамды көріп, пойызды шұғыл тоқтатқан. Бірақ, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Қазір зардап шегушінің апат кезінде денсаулығы қандай болғанын тексеру үшін сараптама жүріп жатыр», - делінген Көліктегі ІІД баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, теміржол көлігінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша алдын ала тергеу жүріп жатыр.