1 маусым күні кешке Алматы-Тараз тас жолында жолаушылар автобусы аударылып кетті деп мәлімдейді Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
25 жастағы жүргізуші "Қауіпті бұрылыс" деген белгісі қойылған бұрылыста рөлді басқара алмай қалды. Салдарынан автобус аударылып, 1 әйел қайтыс болды. 41 жолаушы жақын маңдағы ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілді.
Қазіргі таңда осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.