05.07.2018, 06:36

Павлодарда балкон арқылы теледидар ұрлаған ер адам ұсталды

Павлодар облысында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу нәтижесінде полицейлер 2250-ден астам құқық бұзушылықты анықтады деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы  облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 2018 жылы  2-4 шілде аралығында  өткен шараның мақсаты - Астананың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында қылмыспен күресті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

«Полицейлер Омбы қаласында  ҚК-нің 228-1-бабының 4-бөлімімен қарастырылған қылмыс жасаған Ресей Федерациясының азаматын ұстады», - деді департаментте.

Сондай-ақ «Құқықтық тәртіп»  шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары  Павлодар қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Ол пәтердің балконы арқылы  кіріп,  «Samsung Smart TV» маркалы теледидарды ұрлаған. Аталмыш фактіге қатысты ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аталған құқық бұзушылықтың ішінде  мас күйде автокөлік жүргізу бойынша - 30, шағын бұзақылық бойынша - 200, ішімдік ішу бойынша – 354, ҚР келу ережесін бұзу бойынша - 190, автокөлік жүргізушілерінің белгіленген жылдам қозғалысын шамадан тыс асыру  бойынша – 161, автокөлікті қауіпсіздік белдікті тақпай айдау бойынша – 215 және жолаушыларды заңсыз тасымалдау бойынша үш факті тіркелген.

Сондай-ақ, іздеуде болған екі адам ұсталған.