$ 445.66  474.58  4.78

Сарыағашта сауықтыру шипажайынан өрт шықты (ВИДЕО)

 4 маусым күні сағат 18:50 шамасында Сарыағаштағы «Арман» сауықтыру шипажайының ғимаратынан өрт шықты деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Жалын төрт қабатты сауықтыру шипажайының үш бөлмесін шарпып үлгерген. Өрт ғимараттың екінші қабатынан басталып, ары қарай жанған кілемдер арқылы жоғары қабатта орналасқан бөлмелерге  жалғасқан. Кешкі сағат 18:50 шамасында тұтанған өрттің аумағы 380 шаршы метрді құрайды. Жалын сағат 20.00-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, 124 адам қауіпсіз жерге көшірілді», – дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жаумен күресуге 25 өрт сөндіруші, авариялық-құтқару жұмыстарының қызметкерлері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себеп-салдары анықталуда.

Дереккөз: otyrar.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары