Канадада церебралды сал ауруына шалдыққан тоғыз жасар Лекси Комю-Джексон ауласындағы бассейнге құлап кеткен 1 жасар інісін құтқарып қалды.
Оқиға Канаданың шығысында орналасқан Дартмут қаласындағы Жаңа Шотландия провинциясында орын алды. Қыздың әжесі мен анасы оның 9 жасқа толуына орай өткізілмекші болған туған күн кешіне дайындалып жатқан. Ал, Лекси болса мүгедектер арбасында отырып анасы мен әжесінің дайындықты қалай жасап жатқанына қарап отырды. Барлығы дайын болғанда әйелдер киім ауыстыру үшін жоғары қабатқа көтеріліп кетті. Сол уақытта оның бір жарым жасар інісі Леланд ұйқыдан оянып, үйдің артындағы аулаға шығып кеткен. Ұйқылы ояу бала сол жерде орналасқан бассейнге абайсызда құлап түсті.
Інісінің құлап кеткенін көрген Лекси бар даусымен айқайлап, есікті нұсқаған. Қыздың даусын естіген туыстары шошығаннан оған жүгіріп келді. Сосын олар бәрін түсініп, бассейндегі баланы шығарып алды. Осы жағдайдан кейін Лилланд бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бала су жұтып қойған деп, оның өміріне қауіп төндіретіндей ештеңе жоқ екенін айтты.
«Тіпті сөйлеп, жүре алмасаң да, болған жағдайды естіп, біреуге көмек көрсете аласың. Иә, ол бауырының өмірін құтқарып қалды», – дейді қыздың әжесі журналистерге.
Анасы болса қызына оның жасаған ергілі үшін алғыс білдірумен болды. Лексидің ерлігін жергілікті полициядағылар да көзге ілді. Інісін құтқарып қалған қыз жақын арада Галифакс қаласының залында дипломмен марапатталады.
Дереккөз: Stan.kz