$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында бір топ жас жігіт 4 баланың әкесін сабап өлтірген

Алматы облысында бір топ жас жігіт темекі бермегені үшін 4 баланың әкесін өлімші етіп сабап тастапты. Салдарынан 43 жастағы Мұхит Оспанов көз жұмды. Марқұмның туыстары мен достарының сөзінше, ол «ешкімге жазығы жоқ, жайдары» азамат болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазіргі уақытта марқұмды сабап тастаған жеті жігіттің біреуі ұсталған. Алайда марқұмның туыстары кінәлілер жазықсыз қала ма деп қорқуда. Себебі тергеу барысына көңілдері толмай отырған көрінеді.

«Менің баламды қолымен өлтірді. Мойындарымен көтерсін. Жабылып ұрады. Одан кейін бір ғана адамды ұстап отыр. Бұл сұмдық қой. Солай өлтіріп жүре бере ме? Полиция қайда? Жалғыз ұлымды өлтірді», – дейді марқұмның анасы Алтынxан Алашбаева.

«Өлтіргенге дейін соққан ғой. Өлгеніне көз жеткізіп, бөтелкелерін лақтырып кеткен», – дейді марқұмның жесірі Нәзира Қиятова.

Қанды оқиға осыдан 2 апта бұрын орын алған. Мұхит үш бажасымен бірге моншадан шыққаннан кейін, бір топ жігіт одан бірнеше рет темекі сұрапты. Өз кезегінде Мұхит: «Шылымды сатып алғандарың дұрыс», – деп жауап беріпті. Ер адамның осы жауабына разы болмаған жігіттер оған жұдырық ала жүгірген. Жақындары Мұхитқа араша түскенімен, өздері де соққының астында қалыпты.

Салдарынан 43 жастағы Мұхиттың миына қан кетіп, қол-аяғы сынған. Ол ауруханада жатқан үшінші күні ес жимастан көз жұмды.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты барлық адамдар анықталып, біреуі аудандық сот санкциясымен қамауға алынды. Осы анықталған адамдардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Және іс-әрекеттері қандай екені осы процедуарлық шешімнен кейін анықталады», – дейді Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Марқұмның туыстарының сөзінше, күдіктіні полиция емес, өздері ұстап апарыпты. Осы себепті олар тергеуге разы болмай отыр. Ендігі олар Бас прокурорға шағымданбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары